ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ИШАЯ 38—42
Ехоба шаршағанға күш сыйлайды
Қыран аспанда сағаттап қалықтап тұра алады. Бұл үшін ол жоғары өрлеген жылы ауа ағынын пайдаланады. Осындай ауа ағынын тапқан соң, қыран оның ішінде айналмалы қозғалыс жасайды да, ағын оны бірте-бірте жоғарылата түседі. Белгілі бір биіктікке жеткен соң, қыран біртіндеп келесі ағынға өтеді де, әрекетін қайталайды.
Қыранның бір қарағанда еш күш салмай ұшуы біздің Құдай дарытқан күштің көмегімен қалайша оған деген қызметімізді әрі қарай да атқара алатынымызды керемет түрде бейнелейді.