ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЗӘБҮР 102—105
Топырақ екеніміз Ехобаның есінде
Дәуіт Ехобаның рақымын бейнелі тілмен сипаттаған.
Жұлдызды аспан мен жердің арасындағы қашықтықты ойша өлшей алмайтынымыз сияқты, Ехобаның айнымас сүйіспеншілігінің шегіне жетіп бола алмаймыз
Шығыс батыстан қаншалықты қашық болса, Ехоба біздің күнәларымызды өзіміз түсініп болмайтындай қашықтыққа соншалықты алыстатады
Әкесі сүрініп құлап, бір жерін жарақаттап алған баласына жанашырлық танытатыны сияқты, Ехоба да жасаған күнәсі үшін жаны күйзеліп, кешірім сұраған қызметшілеріне рақымшылық танытады