Куәгер Камерундағы шай теруші әйелге ізгі хабар айтуда
Ұсыныс үлгілері
“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ”
Сұрақ: Киелі жазбалар Алла Тағаладан түскен болса, оны адам баласы құртып жіберуі мүмкін бе?
Жазба орны: Иш 40:8
Әдебиет: Бұл мақалалардан Киелі жазбалардың біздің күнімізге қалай жеткені жайлы оқып, аң-таң боласыз.
“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ” (соңғы беті)
Сұрақ: Мына сұраққа қатысты сіздің ойыңызды білгім келген еді. [16-беттегі бірінші сұрақты оқыңыз.] Кейбіреулер дінді адамдар ойлап тапты деп ойлайды. Өзге біреулер дінді Алла Тағаланың адамзатқа жіберген тура жолы деп есептейді. Ал сіз не ойлайсыз?
Жазба орны: Жқ 1:27
Әдебиет: Мына мақалада бұл туралы Киелі жазбаларда тағы не айтылғаны сөз етіледі. Келесі жолы келіп, сізбен осындағы кейбір ойлар туралы сөйлесуге қуанышты болар едім.
“ҚҰДАЙДАН КЕЛГЕН ҚУАНЫШТЫ ХАБАР”
Сұрақ: Кейде аталарымыз ежелдегі пайғамбарлардың айтқандары тура келді деп жатады. Мына пайғамбарлық сөздердің қайсысы орындалып жатыр деп ойлайсыз?
Жазба орны: Т2х 3:1—5
Әдебиет: Мына кітапшада мұндай жағдайлар неліктен Құдай деген адамдар үшін жақсылықтың нышаны екені түсіндіріледі. [1-сабақтың 2-сұрағына назар аударыңыз.]
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:
Алдыңғы ұсыныс үлгілеріне қарап өз ұсынысыңызды құрастырыңыз.