МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Қарапайым өмір сүргеніміз Құдайға мадақ әкелуге мүмкіндік береді
Бүгінде өзіміз аңғармай өмірімізді қиындатып алуымыз оп-оңай. Мысалы, зат сатып алуға, оны қолдануға, күтіп ұстауға, жөндеуге және қорғауға біраз уақыт пен күшіміз кетуі мүмкін. Иса қарапайым өмір сүрген. Сондықтан қажетсіз дүние-мүлік оны қызметінен алаңдатпаған (Мт 8:20).
Көбірек қызмет ету үшін қалай өміріңізді қарапайым қыла аласыз? Өмірлеріңізде өзгерістер жасап, отбасыңыздан бір адамның ізашар ретінде қызмет етуіне жағдай жасай аласыздар ма? Ал толық уақытты қызметші болсаңыз, қажетсіз заттардың кесірінен өміріңіз қиындап кеткен жоқ па? Қарапайым өмір сүріп, Ехобаға барынша қызмет еткеніміз бізді бақыт пен қанағатқа бөлейді (Т1х 6:7—9).
Өміріңізді қарапайым етудің жолдарын жазып қойыңыз.