Көзің қарапайым ба?
1. “Көздің қарапайым болуы” нені білдіреді?
1 Көретін нәрселер іс-әрекетімізге әсер етеді. Сондықтан Исаның: “Көзің қарапайым болса, өмірің түгелдей нұрға кенеледі”,— дегені қаншалықты орынды десеңші! (Мат. 6:22 ЖД). Көзі рухани мағынада “қарапайым” адам назарын тек бір нәрсеге — Құдай еркін орындауға ғана — тігеді. Біз Патшалықты өмірде бірінші орынға қойып, қызмет етуге кедергі жасайтын қажетсіз дүние-мүлікке не істерге алаңдамаймыз.
2. Санамызға қандай нәрсе кері әсер етеді, бірақ біз не істей аламыз?
2 Өзімізді тексерейік. “Саған мынау қажет”, “басқада анау бар” деген айналамыздағы жарнамалар біздің санамызға кері әсер етеді. Бір нәрсенің соңына түсіп немесе зат сатып алу үшін әжептәуір уақыт, ақша не күш жұмсамас бұрын, “шығынды есептеп” алған пайдалы. Сондықтан “Бұл Ехобаға деген қызметімді алға бастыра ма, әлде кері тарта ма?” деген сұрақтың үстінен ой жүгірту керек (Лұқа 14:28; Філіп. 1:9—11). Сондай-ақ көбірек қызмет ете алатындай қарапайым өмір сүру үшін, қандай өзгерістер жасауға болатынын арагідік тексеріп тұрайық (Қор. 2-х. 13:5; Ефес. 5:10).
3. Қарапайым өмір сүру үшін өзгерістер жасаған бір бауырластан не үйренеміз?
3 Бір әйел бауырлас жалпы ізашарлық қызметті бастағанмен, толық уақытты жұмысын қалдырмауды шешеді. Алайда жарты күндік жұмыстың да жалақысы оның қажеттіліктеріне жетер еді. Соңында ол мынандай тұжырымға келді: “Ешкім де екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Қалауымнан бас тартып, шынымен қажетті нәрселерді ғана қанағат етуге тура келді. Дүние-мүлік бәрібір ескіреді, соған жетемін деп жүргенде, өзің де азып-тозады екенсің”. Ол қарапайым өмір сүру үшін өзгерістер жасап, жұмысын ауыстырды. Соның арқасында ізашарлық қызметін жалғастырып жүр.
4. Неліктен қазір көзімізді қарапайым сақтау маңызды?
4 Қазіргі қысылтаяң уақытта көзімізді қарапайым сақтаудың маңыздылығы артып отыр. Әр күн өткен сайын осы дүниенің жойылатын және жаңа дүниенің басталатын кезіне жақындаудамыз (Қор. 1-х. 7:29, 31). Бар назарымызды уағыз ісіне аудара отырып, өзімізді де, тыңдаушыларымызды да құтқара аламыз (Тім. 1-х. 4:16).