Ұсыныс үлгілері
“Күзет мұнарасы” 1 қаңтар
“Жиі адамдар “Адалдық — ардың ісі” деп жатады. Сіздің ойыңызша, қазіргі кезде адал болған дұрыс па, әлде ақша деп ар-ұжданды аттап өткен бе? [Еврейлерге 13:18-ді оқып, жауабын күт.] Киелі кітап бізді барлық жағдайда адал болуға шақырады. “Күзет мұнарасының” мына санында адал болу өміріміздің әрбір саласына қалай әсер ететіні қарастырылады. Бұл журналды jw.org/kk сайтынан жүктей аласыз”.
“Жиі “Шыншыл болсаң, ісің алға баспайды” деген ойды естуге болады. Сіздің ойыңызша, қазіргі кезде шыншыл болған жақсы ма, әлде табысты болған ба? Осы екі нәрсені бірге алып жүру мүмкін бе? [Жауабын күт.] Мына жерде шыншыл болудың пайдасы жазылған. [Еврейлерге 13:18-ді оқы.] Шыншыл адамның таза ар-ұжданы және жиі жақсы аты болады”.
“Ояныңдар!” Қаңтар
“Сізге “Ояныңдар!” журналының мына санын көрсетейін деп едім. [Адамға журналды көрсет.] 2-беттегі сұраққа және адамдар әдетте бұған қалай жауап беретініне назар аударыңызшы. Ал сіз не ойлайсыз? [Жауабын күт.] Мына мақалада оң көзқарас өмірді қалай көркейтетініне қатысты Құдай Сөзінен біраз ақыл-кеңес қарастырылады. Бұл журналды jw.org/kk сайтынан жүктей аласыз”.
“Оң көзқарастың денсаулығымызға пайдасы зор екенін естігенсіз бе? Қиыншылықтар туындағанда не істеген дұрыс? Құдай Сөзінде осыған қатысты жақсы кеңес берілген. [Нақыл сөздер 24:10-ды оқы.] Еңсемізді түсірмеуге бізге не көмектеседі? Келесі жолы сізге бұл сөздерге неліктен сенуге болатынын көрсеткім келеді”.