Ұсыныс үлгісі
Қаңтардың бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Көп адамның Құдайға қатысты пікірлері әртүрлі. Кейбіреулері Құдайды тылсым күш деп ойлайды. Ал басқалар оны көктегі сүюші Әке деп қарастырады. Ал сіз Құдайды қалай елестетесіз?” [Жауабын күт. “Күзет мұнарасының” 1 қаңтарындағы санының артқы бетіндегі мақаласын көрсетіп, бірінші сұрақтың жауабын және кем дегенде бір тармақты қарастыр. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта баруға келіс.]
“Күзет мұнарасы” 1 қаңтар
“Біз адамдармен бәрімізге қатты әсер ететін нәрсе — жақын адамымыздың қайтыс болуы — жайында қысқаша сөйлесіп жүрміз. Жақын досымызды не туысымызды жоғалтудың ауыр тиетінімен келісетін шығарсыз. [Жауабын күт.] Көп адам Киелі кітаптағы мына сөздерден жұбаныш алған. [Ишая 25:8 оқы.] Мына журналда өлімнің жақында болмайтыны және қайтыс болған жақындарымыздың қайта тірілетіні туралы Киелі кітаптағы жұбаныш беретін уәде жазылған”.