“Құдай Сөзі өміріңе күн сайын әсер ете ме?”
Киелі кітапты күнделікті оқу “тамыр жайып,.. сенімімізді берік сақтауға” көмектеседі (Қол. 2:6, 7). Алайда Ехобаның Сөзі өмірімізге әсер ету үшін, бізге ой жүгірту және ондағы ақыл-кеңестерді орындау керек (Евр. 4:12; Жақ. 1:22—25). Ешуа 1:8-де Жазбаларды тиімді оқудың келесі үш қадамы айтылған: 1) Құдай Сөзін “күндіз-түні” оқы. 2) “Күбірлеп”, яғни ой жүгіртіп, көз алдыңа елестете алатындай қарқынмен оқы. 3) Жазылғанның бәрін “мұқият орында”. Бұл кеңестерге құлақ ассаң, “әрқашан жемісті болып, даналықпен әрекет етесің”.