Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2015 жылдың 26 қазанынан басталатын аптада қарастырылады.
Патшалар 2-жазба 13:18, 19-дағы оқиғадан Құдайға шын жүректен әрі бар ынтамызбен қызмет етудің маңыздылығы қалай көрінеді? [7 қырк., w10 15.4. 26-б., 11-абз.]
Жүніс пайғамбар болып қызмет еткенде, Исраилдің патшасы кім болды және Патшалар 2-жазба 14:23—25 жазылған мәліметтен Жүністің қызметі жөнінде не білеміз? [7 қырк., w09 1.4. 9-б., 4-абз.]
Ахаз патша Құдайдың Ишая пайғамбар арқылы айтқан сөзіне сенбейтінін қалай көрсетті және маңызды шешім қабылдау керек болғанда өзімізге қандай сұрақ қойсақ болады? (Пат. 2-ж. 16:7). [14 қырк., w13 15.11. 17-б., 5-абз.]
Құдай халқының бүгіндегі қарсыластары Рабшақтың қандай тәсілін қолданады және оларға алданбау үшін бізге қандай қасиет керек? (Пат. 2-ж. 18:22, 25). [14 қырк., w10 15.7. 13-б., 3, 4-абз.]
Жосияның кішіпейілділік үлгісі Киелі кітапты оқу мен зерттеудің барынша пайдасын көруге қалай көмектеседі? (Пат. 2-ж. 22:19, 20). [21 қырк., w00-U 1.3. 30-б., 2-абз.]
Патшалар 2-жазба 25:27—30 тармақтарда айтылған екі патшаның шынымен тарихта болғанын археологтар қалай растады? [28 қырк., w12 1.7. 5-б., 2, 3-абз.]
Ябез Ехобаға қандай үш тілек білдірді және бұдан дұғаға қатысты қандай сабақ аламыз? (Шеж. 1-ж. 4:9, 10). [5 қаз., w10-U 1.10. 23-б.]
Шежірелер 1-жазба 5:18—22 тармақтарда баяндалған соғыстың жеңіспен аяқталғаны бізді рухани күресте батыл болуға қалай талпындырады? [12 қаз., w05 1.10. 9-б., 7-абз.]
Неге Дәуіт қанның қасиеттілігі туралы Ехобаның заңының рухын түсініп, құрметтей алды және оның үлгісі бізді не істеуге талпындырады? (Шеж. 1-ж. 11:17—19). [19 қаз., w12 15.11. 6, 7-б., 12—14 абз.]
Келісім сандығын Иерусалимге әкелуге әрекеттенгенде, Дәуіт қандай қателік жасады және бұдан қандай құнды сабақ аламыз? (Шеж. 1-ж. 15:13). [26 қаз., w03 1.7. 20-б., 11—13 абз.]