Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Домофон арқылы куәлік беру
Бұл неліктен маңызды? Домофон арқылы уағыздауға қорқуымыз мүмкін. Алайда бұл қорқыныш игі істерге ынталы болуымызға кедергі етпеу керек. Домофон арқылы уағыздау кейбір адамдарға ізгі хабарды жеткізудің жалғыз жолы болуы мүмкін (Рим. 10:14). Өмірде болған оқиғалардан уағыздаудың осы әдісі жақсы нәтиже беретіні көрінеді (2011 жылғы “Жылнама” (ор.), 65, 66-б. және 2000 жылғы “Жылнама” (ор.), 54-б., 3-абз. қара.). Төмендегі кеңестерді қарастырып көрейік.
Осы айда былай етіп көр:
Отбасылық ғибадат кезінде домофон арқылы уағыздауға алдын ала жаттығыңдар. Қатысушылар бір-біріне қарамай сөйлессін.