Уағыздауды уақыт күттірмейтін іс деп қарастыруға не көмектеседі?
Уағыздау — уақыт күттірмейтін іс. Осы дүние жойылғанда аман қалуымыз үшін бізге осындай көзқарас дамыту қажет. Бұл орайда төмендегі кеңестерге ден қойғанымыз зор көмек болмақ:
Патшалық жайлы үнемі дұға ет (Мат. 6:10).
Киелі кітапты күнделікті оқып, бейнелі жүрегіңді қорға (Евр. 3:12).
Уақытты даналықпен қолдан (Ефес. 5:15, 16; Філіп. 1:10).
“Бір нәрсеге ғана көз тік”. Осы дүниелік құмарлықтардың өзіңді адастыруына жол берме (Мат. 6:22, 25; Тім. 2-х. 4:10).
Киелі кітап пайғамбарлықтарының орындалуын әрдайым бақылап, сергек бол (Мар. 13:35—37).
Аяқталуға шақ қалған уағыз ісінің шұғыл атқарылуы қажет екенін түсінгеніміз бізді қызметке көбірек атсалысуға талпындыратыны сөзсіз (Жох. 4:34, 35).