Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2014 жылдың 27 қазанынан басталатын аптада қарастырылады.
Руларды санау 21:5-те жазылғандай, неге исраилдіктер Құдай мен Мұсаға күңкілдеді және біз бұдан қандай сабақ аламыз? [1 қырк., w99-U 15.8. 26, 27-б.]
Неге Ехоба Балағамға ашуланды? (Ру. сан. 22:20—22). [8 қырк., w04 1.8. 32-б., 1-абз.]
Руларды санау 25:11-ден Пінехес туралы не білеміз, одан не нәрсеге үйренеміз? [8 қырк., w04 1.8. 32-б., 3-абз.]
Қалайша Мұсаның танытқан кішіпейілділігі біздер үшін үлгі бола алады? (Ру. сан. 27:5, 15—18). [15 қырк., w13 1.2. 5-б.]
Неліктен Ешуа мен Халеп кемелсіз пенделердің қарсылыққа қарамастан, Құдай жолымен жүре алатындарының мықты дәлелі дей аламыз? (Ру. сан. 32:12). [22 қырк., w93-U 15.11. 14-б., 13-абз.]
Салпаадтың қыздарының үлгісі салтбасты мәсіхшілердің некеге деген көзқарастарына қалай әсер етеді? (Ру. сан. 36:10—12). [29 қырк., w08 15.2. 4, 5-б., 10-абз.]
Исраилдіктердің кертартпа сөздерге еріп, күңкілдегендерінің нәтижесі қандай болды және біз бұдан қандай сабақ аламыз? (Заң. қ. 1:26—28, 34, 35). [6 қаз., w13 15.8. 11-б., 7-абз.]
Ехобаның батасын алып, Уәде етілген жерде өсіп-өркендеу үшін исраилдіктердің қандай екі жауапкершілігі болды? (Заң. қ. 4:9). [13 қаз., w06 1.6. 28-б., 15-абз.]
Шөл даланы кезіп жүргенде, қалайша исраилдіктердің киімдері тозбаған және аяқтары ісінбеген еді? (Заң. қ. 8:3, 4). [20 қаз., w04 1.10. 30, 31-б.]
Ехобадан “ажырамастай берік ұстаныңдар” деген исраилдіктерге берілген өсиетті қалай орындай аламыз? (Заң. қ. 13:4, 6—9). [27 қаз., w03 1.2. 17-б., 14-абз.]