Патшалық хабарын жариялаудағы мүмкіндіктеріңді жіберіп алма!
1. Дәуіттен не нәрсеге үйрене аламыз?
1 Дәуіт өз басындағы жағдайлардың аяқ-қолын байлап тастауына жол бермеген. Мысалы, ол Ехобаға арнап ғибадатхана салуды қатты қалады. Алайда бұл істі атқаруына рұқсат берілмегенде, ол мақсатын өзгертіп, Сүлейменге ғибадатхананы соғуға қажет болатын құрал-жабдықтарды дайындай бастады (Пат. 1-ж. 8:17—19; Шеж. 1-ж. 29:3—9). Иә, Дәуіт қолынан келмейтінді ойлай берудің орнына, не істей алатынына назар аударды. Патшалық хабарын жариялауға үлес қосудың жолдарын іздестіргенде, қалай біз Дәуітке еліктей аламыз?
2. Біз қандай тексеріс жүргізсек болады?
2 Қолыңнан келгеннің бәрін істе. Көп бауырласымыз қосалқы не жалпы ізашар болып қызмет ету үшін өмірлерін қарапайым еткен (Мат. 6:22). Сен де солай ете аласың ба? Дұға ете отырып өз жағдайыңды салмақтап-саралағанда, сен үшін “қызмет етуге үлкен есік ашылатынын” көретін шығарсың. Олай болса, бұл мүмкіндікті жіберіп алма! (Қор. 1-х. 16:8, 9 сілт.)
3. Ізашар болып қызмет ете алмасақ та, куәлік берудің қандай мүмкіндіктерін қолдана аламыз?
3 Егер ізашар ретінде қызмет ете алмасаң ше? Онда басқа мүмкіндіктеріңді жіберіп алма. Бәлкім, жұмыста сенбейтін адамдармен араласуыңа тура келетін шығар. Олай болса, неге қолайлы сәтті пайдаланып, оларға куәлік бермеске? Не денсаулығыңа байланысты қиындықтар туындап, емделіп жүрсең, неге өзіңе күтім жасап не емдеп жүргендерге уағыздамасқа? Сондай-ақ жасына не нашар денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі жариялаушылардың 15 минуттық аралықпен есеп тапсыра алатынын естен шығарма. Ай сайынғы есебіңді тапсырғанда, бейресми куәлік берген сағаттарды жазуды да ұмытпа. Мұндай кішкентай болып көрінетін мүмкіндіктерді қалт жібермегенің есепке жазатын уақытыңды айтарлықтай ұлғайта алады!
4. Сен не нәрсеге бел будың?
4 Жағдайымыз қандай болмасын, ізгі хабарды жариялаудың әрбір мүмкіндігін қолданайық. Патшалықтың мүддесі үшін қолымыздан келгенді істеп жатқанымыз бізді зор қанағат сезіміне бөлейді (Мар. 14:8; Лұқа 21:2—4).