Тамыз айы тарихта қалатын ай болмақ!
Дүниежүзі бойынша жаңа трактат таратылады
1. Құдай Патшалығының 100 жылдығына орай қандай арнайы науқан жүргізіледі?
1 Жақында Құдай Патшалығының билік етіп жатқанына 100 жыл болады. Осыған орай арнайы науқан ұйымдастыру арқылы Ехобаны даңқтағанымыз қаншалықты орынды болады десеңдерші! Тамыз айында дүниежүзі бойынша барлық жариялаушылар “Өмірге қатысты сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?” деген трактатты қолданып, осы науқанға қатысатын болады. Бұл трактат оқырмандарды маңызды сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан іздеуге талпындырады және бұл ретте jw.org сайтының қалай көмек болатынын түсіндіреді.
2. Тамыз айында Ехобаны “қатты дауыспен мадақтауға” өз үлесімізді қалай қоса аламыз?
2 “Қатты дауыспен мадақтау”. Жариялаушыларды қызмет аясын кеңейтуге талпындыру мақсатымен тамыз айында қосалқы ізашар болып қызмет еткісі келетіндерге арнайы шара ұйымдастырылады. Сол айда қосалқы ізашар ретінде қызмет еткісі келетіндер 30 сағат тапсыра алады. Тамыз айында бес сенбі және бес жексенбі болатындықтан, апта бойы жұмыс істейтін бауырластар мен жазғы демалыстарын тиімді қолданғысы келетін оқушылар үшін қосалқы ізашар болудың керемет мүмкіндігі туады. Сен Киелі кітап зерттеу сабағын өткізіп жүрген адам жариялаушы болу үшін талаптарға сай келсе немесе жариялаушы болғысы келетін балаң болса, ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісіне жолығуды кейінге қалдырма. Осындай ерекше айда жариялаушылардың қатарына қосылу оларды қаншалықты жігерлендіреді десеңдерші! Әдетте жалпы ізашарлардың көбісі жылдық сағат нормасын орындап болғаннан кейін тамыз айында демалады. Алайда олар ерекше науқанға толықтай атсалыса алу үшін жоспарларын өзгерту жайлы ойланып көретін шығар. Сондықтан отбасылар тамыз айында Ехобаны “қатты дауыспен мадақтауға” өз үлестерін қосу үшін не істей алатындарын қазірден бастап талқыласа болады (Езра 3:11; Нақ. с. 15:22).
3. Арнайы науқан қандай болады деп күтіледі?
3 Бұрынырақта осыған ұқсас науқандардың болғаны рас, алайда бұл науқан тарихта қалатындай болады деп үміттенеміз. Тамыз айында уағызға жұмсалған сағаттың және жариялаушылар мен қосалқы ізашарлардың саны әдеттегіден әлдеқайда көп болуы үшін неге күш салып көрмеске? 2014 қызмет жылы аяқталып қалған уақытта, тамыз айын уағыз ісінің тарихында ең елеулі ай болуы үшін күш салып жатқан халқына Ехоба батасын беретіні сөзсіз! (Мат. 24:14).