Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 5.14. 3-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Ұқсас мәлімет
  • Шаңырақ шаттығы (2-бөлім)
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Отбасын рухани берік етіңдер
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Балаларыңа тәлім беру үшін сайтымызды қолданыңдар
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
km 5.14. 3-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Рухани өсу үшін балаларға не қажет?

Балаларын “Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіру” үшін ата-аналар көп күш салады (Ефес. 6:4). Мысалы, олар күнде таңертең балаларымен бірге күнделікті тармақты талқылаудың пайдалы екенін байқаған. Отбасылық ғибадат кезінде не басқа да уақытта отбасылар түрлі бейнематериалдарды бірге тамашалап, оларды талқылай алады немесе “Жастардың сауалдарынан” қандай да бір тақырыпты таңдап, соны қарастырса болады. Сондай-ақ Киелі кітап оқиғалары мен кезігуі мүмкін жағдайларды көрініс ретінде ойнап жаттығудың да пайдасы зор. Алайда балалары “рухани толыса беру” үшін ата-аналар оларға Киелі кітап шындықтарын тереңірек үйретулері керек (Евр. 6:1).

Мысалы, аумағымыздағы кездестірген адамдарға қалай тәлім беретінімізді қарастырайық. Адамға бірінші рет барғанда не оған қайта барғанда, біз “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабымен зерттеу сабағын бастауға тырысамыз. Бұл кітапты қарастырып біткен соң, “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” кітабын зерттей бастаймыз. Неге? “Киелі кітап үйретеді” кітабы зерттеушіге Жазбалар жайлы негізгі білім береді. Ал “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабы Киелі кітап принциптерін күнделікті өмірде қалай қолдану керектігін үйретеді. Бұл екі кітапты зерттегені адамға шындыққа “тамыр жайып”, “сенімдерін берік сақтауға” көмектеседі (Қол. 2:6, 7). Бұл кітаптар біздің балаларымызға да пайдалы болады емес пе? Олар да төлем жайлы, Құдай Патшалығы мен өлген адамдардың күйі жөнінде жақсы білулері керек. Сондай-ақ олар Құдайдың қайғы-қасіретке неге жол беріп отырғанын және соңғы күндерді анықтауға көмектесетін белгілерді білгендері де маңызды. Балалар Ехоба куәгерлерінің шындыққа үйрететініне көз жеткізіп, Киелі кітап принциптерін жақсы түсінулері және “түйсіну қабілетін қолдануды” үйренулері керек (Евр. 5:14). Әрине, ата-аналар балаларының жасын және ойлау қабілетін ескерулері қажет. Алайда көп балалар кішкентай болғанына қарамастан, Киелі кітаптағы терең рухани шындықтарды түсіне алады (Лұқа 2:42, 46, 47).

Сайтымызда “Киелі кітап үйретеді” кітабына негізделген оқу материалдары шығатын болады. Бұл ата-аналар үшін зор көмек болмақ. Отбасылар бұл материалдарды сайтымыздағы “КИЕЛІ КІТАП ІЛІМДЕРІ/ЖАСӨСПІРІМДЕР” деген жерден таба алады. Болашақта мұндай оқу материалдары “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабына да негізделіп жасалады. Әрине, зерттеу кезінде бұл кітаптардың баспа түрін де қолдана беруге болады. Ата-аналар бұл мәліметті зерттеу үшін отбасылық ғибадат кешінде уақыт бөле алады немесе оны балаларының бірімен зерттеу сабағын өткізгенде не балаға жеке зерттеуді қалай жүргізу керектігін үйреткенде қолданса болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу