Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Алғы сөздеріңді жақсылап дайында
Бұл неліктен маңызды? Егер біздің алғы сөзіміз қызығушылық оятатындай болмаса, үй иесі әңгімені тоқтатып тастауы, ал біз куәлік бере алмай қалуымыз мүмкін. Сол себепті көп жариялаушылар алғы сөзді ұсыныстың маңызды бөлігі деп қарастырады. “Біздің патшалық қызметіміз” бен “Пікір алысу” кітабында дайын ұсыныс үлгілері болғанмен, ұсыныстарды бейімдеуге оңай болу үшін олардың алғы сөздері толық дайындалмаған болуы мүмкін. Тіпті ұсыныс үлгісі толықтай дайын болған күнде де, жариялаушылар ұсынысты өзгертуді не өздерінің ұсынысын қолдануды шешуі мүмкін. Егер үй иесі есікті ашқан кезде ойымызға келгенді айта салмай, алғы сөздерімізді жақсылап ойластырып айтатын болсақ, қызметіміз анағұрлым жемісті болады (Нақ. с. 15:28).
Осы айда былай етіп көр:
Отбасылық ғибадат кезінде алғы сөзіңді дайындау үшін және оны айтып жаттығу үшін уақыт бөл.
Басқа жариялаушылармен қызметте жүрген кезіңде, алғы сөз ретінде не айтатыныңды олармен бөліссең болады (Нақ. с. 27:17). Айтып жүрген алғы сөзің тиімсіз болса, оны өзгертіп отыр.