Ұсыныс үлгісі
Сәуірдің бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Біз адамдармен мына қызықты сұрақ жөнінде қысқаша сөйлесіп жүрміз. [“Күзет мұнарасының” 1 мамыр айындағы санының соңғы бетіндегі бірінші сұрақты көрсет.] Сіз бұл жайында не ойлайсыз?” [Жауабын күт. Бірінші сұрақтың астындағы мәлімет пен кем дегенде келтірілген бір жазба орнын талқыла. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта баруға келіс.]
“Күзет мұнарасы” 1 мамыр
“Бүгінде көп адамдар болашақта оларды не күтіп тұрғанын білгісі келеді. Ал сіз болашаққа қалай қарайсыз? Үмітпен бе, әлде күдікпен бе? [Жауабын күт. Сосын “Құдай болашақ жайлы бізге нені аян етті?” деген қоршауда келтірілген бір тармақты оқып бер.] Бұл журналда Құдайдың болашақта орын алатын жайттарға қатысты не айтқанына назар аударылады және онда олардың орындалатынына неліктен сенімді бола алатынымыз түсіндіріледі”.