Ұсыныс үлгісі
Маусымның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Сіздің назарыңызды мына бір қызықты сұраққа аударайын деп едім. [1 маусым айында шыққан “Күзет мұнарасының” соңғы бетіндегі бірінші сұрақты көрсет.] Сіз бұл жайлы не ойлайсыз? [Жауабын күт.] Бірінші сұрақтың астындағы мәлімет пен кем дегенде келтірілген бір тармақты қарастыр. Келесі сұраққа жауап беру үшін қайта келуге келіс.
“Күзет мұнарасы” 1 маусым
“Жылына шамамен 6 000 000 адам темекі шеккеннің кесірінен қайтыс болады екен. Қалай ойлайсыз, мұны азайту үшін бір нәрсе жасауға бола ма? [Жауабын күт.] Темекі шегуге қатысты Құдайдың көзқарасын білгендері көп адамға темекіні тастауға көмектескен. Мысалы, Киелі жазбалардағы мына сөздер адамды темекі шегудің басқаларға қалай әсер ететіні туралы ойлануға талпындырады. [Қорынттықтарға 1-хат 10:24-ті оқы.] Бұл журналда темекі шегуге қатысты Құдайдың көзқарасын білу бұл әдеттен арылуға қалай көмектесетіні жайлы түсіндіріледі”.