Еске алу кеші өтетін мезгіл қуанышқа толсын!
1. Еске алу кеші өтетін мезгілде қуанышыңа қуаныш қосудың бір жолы қандай?
1 Наурыз, сәуір, мамыр айлары қуанышқа толы болғанын қалайсың ба? Мұның бір жолы — қызмет аясын кеңейту, дәлірек айтсақ, қосалқы ізашар болып қызмет ету. Неге бұл сені қуанта түседі дей аламыз?
2. Қызмет аясын кеңейту қалайша бізді қуанта түседі?
2 Қуанышыңды арттыр. Ехоба бізді оған ғибадат етуден және рухани мұқтаждығымызды қанағаттандырудан қуаныш алатындай етіп жаратқан (Мат. 5:3). Сондай-ақ біз басқаларға беру арқылы да өзімізді бақытты сезінетіндей етіп жаратылғанбыз (Ел. іс. 20:35). Ал уағыздағанда біз осының екеуін де атқара аламыз, яғни Құдайға ғибадат етеміз және адамдарға көмектесеміз. Қызмет еткенде өзгелерге көбірек берген сайын, көбірек қуанышқа бөленетініміз айтпаса да түсінікті. Ал көбірек уағыздаған сайын, шеберлігіміз де арта түседі. Шеберлігіміз артса, қобалжымай, сенімділікпен сөйлейтін боламыз. Бұған қоса, куәлік берудің және Киелі кітап зерттеу сабақтарын бастаудың көп мүмкіндігі пайда болады. Бұлардың бәрі қызметімізді қызықты ететіні сөзсіз.
3. Неге әсіресе наурыз бен сәуір айларында қосалқы ізашар болып қызмет еткеніміз жақсы?
3 Наурыз бен сәуір айларында 30 не 50 сағат уағыздап, қосалқы ізашар болудың жақсы мүмкіндігі туады. Сондай-ақ сенбі 22 наурыздан бастап Еске алу кеші өтетін күнге дейін, яғни дүйсенбі 14 сәуірге дейін адамдарды осы кешке шақыру науқанына қатыса аламыз. Белгіленген уақыт ішінде қауым аумақтарын мүмкіндігінше толық аралау үшін көптеген жариялаушылар “иық тіресе” қызмет етіп, бұдан зор қуанышқа кенелетін болады (Соф. 3:9 ЖД).
4. Қосалқы ізашар болу үшін не қажет?
4 Қазірден бастап қамдан. Әлі ешқандай шешім қабылдамаған болсаң, уақыт бөліп, бір не бірнеше айға қызмет аясын кеңейтудің жолдарын қарастырып көр. Бұл жайында дұға ет (Жақ. 1:5). Отбасыңдағылармен және қауымдағы бауырластармен ақылдас (Нақ. с. 15:22). Бәлкім, денсаулығыңның нашарлығына не толық уақыт жұмыс істейтініңе қарамастан, сен де қосалқы ізашар болудың дәмін татып, мол қуанышқа кенеле аларсың.
5. Еске алу кеші өтетін мезгілде қызмет аясын кеңейткеніміздің нәтижесі қандай болмақ?
5 Ехоба өз қызметшілерінің қуанышты болып жүргендерін қалайды (Заб. 31:11). Еске алу кеші өтетін мезгілде қызмет аясын кеңейту арқылы өзіміз де қуанамыз, көктегі Әкемізді де қуантамыз (Нақ. с. 23:24; 27:11).