Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Қызығушылық білдіргендер жайында жазып алу
“Өзіңе және беріп жатқан тәліміңе әрдайым ықылас қой” (Тім. 1-х. 4:16). Рухтың жетелеуімен елші Пауылдың Тімөтеге берген осы кеңесі, жаңа не тәжірибелі уағыздаушы болайық, әрқайсысымыздың ізгі хабар таратуда алға баса беруіміз керектігін көрсетеді. Осыған орай “Біздің патшалық қызметімізде” “Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік” деген айдар жарық көретін болады. Әр мақалада қызметіміздің маңызды қыры қарастырылып, жақсаруға көмектесетін бірнеше кеңес беріледі. Барлық жариялаушылар бір ай бойы сол кеңестерді барынша қолдануға шақырылады. Ал айдың аяғында өтетін қызмет кездесуінде қызметіміздің осы саласына баса назар аударғанның арқасында қандай нәтижеге қол жеткізгенімізді айтып берсек болады. Мәселен, осы айда қызығушылық білдіргендер жайында жазып алуды назарда ұстап, осы салада жақсаруға шақырыламыз.
Бұл неліктен маңызды? Бізге тапсырылған істі атқару үшін адамдарға уағыздап қана қою жеткіліксіз. Бұған қоса, қызығушылық білдіргендерге қайта барып, тәлім беруіміз, яғни еккен шындық дәндерін суаруымыз қажет (Мат. 28:19, 20; Қор. 1-х. 3:6—9). Бұл үшін ол адаммен қайта жолыққанда, оны мазалайтын жайттар туралы әңгімелесіп, алғашында қозғаған тақырыпты жалғастыруымыз керек. Сондықтан кездестірген адамымыз қызығушылық танытса, ол жайлы мәлімет жазып алудың маңызы зор.
Осы айда былай етіп көр:
Үй иесі жайлы мәлімет жазып жатқаныңда, қызметтесіп жүрген серігіңе не жазып жатқаныңды айтып тұр.