Ұсыныс үлгісі
Ақпанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Адамдар Киелі жазбалар жайлы әртүрлі пікірде. Біреулер оны Құдайдың Сөзі десе, өзгелері оны қарапайым кітап деп санайды. Ал сіз Киелі жазбалар жайлы не ойлайсыз?” [Жауабын күт. 1 ақпандағы “Күзет мұнарасының” соңғы бетін көрсетіп, бірінші сұрақтың жауабын және кем дегенде бір тармақты қарастыр. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта келуге келіс.]
“Күзет мұнарасы” 1 ақпан
“Адамдардың көбісі соғыс атаулының болмағанын қалайды. Сіздің ойыңызша, дүниежүзілік бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін бе? [Жауабын күт.] Бұған қатысты Киелі жазбаларда не жазылғанына назар аударыңызшы. [Забур 45:10-ды оқы.] Бір қызығы, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін орын алған оқиғалар өте жақын арада Құдайдың осы пайғамбарлықты жүзеге асырып, соғыс атаулыны тоқтататынына сенімділік береді. Бұл жайлы осы журналда жазылған”.