Оларға “сенімдерін берік сақтауға” көмектесіңдер
Миллион адамның төрттен бір бөлігі жыл сайын шомылдыру рәсімінен өтуде. Ехобаның рухани егін жинау ісіне осылайша мол батасын төгіп жатқанын көру бізге көп қуаныш әкеледі (Заң. қ. 28:2). Зерттеушіге шомылдыру рәсімінен өтуге көмектескеннен кейін, жариялаушы онымен зерттеу сабағын өткізуді доғарып, бар назарын басқаларға көмектесуге аударуы мүмкін. Зерттеуші де қызметке көбірек уақыт жұмсау үшін зерттеу сабағын тоқтатқысы келетін шығар. Алайда Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдардың шындықта нық тұрғаны өте маңызды. Олар Мәсіхке “тамыр жайып”, “сенімдерін берік сақтаулары” керек (Қол. 2:6, 7; Тім. 2-х. 3:12). Сондықтан зерттеуші шомылдыру рәсімінен өткен соң, “Киелі кітап үйретеді” және “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітаптарын оқып бітірмейінше зерттеу сабағын жалғастырғаны дұрыс. (2011 жылдың сәуір айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 2-бетін қара.)