Қызметке шақыра аласың ба?
Көптеген қауымда созылмалы аурудың себебінен не жасы келгендіктен қызметке көп шыға алмайтын жариялаушылар бар (Қор. 2-х. 4:16). Оларды Киелі кітап зерттеу сабағына шақыра аласың ба? Егер жариялаушы үйінен шыға алмайтын болса, мүмкін, сабақты соның үйінде өткізерсің. Денсаулығы нашар жариялаушымен келісіп, оны учаскеңде бірнеше пәтерге не бір-екі қайта баруға апара аласың ба? Жасы ұлғайған бауырластардың көбісі тәжірибелі жариялаушылар. Сондықтан олармен қызметтескенде, жігер беріп қана қоймай, өзің де жігерленіп қаласың (Рим. 1:12). Осылай сүйіспеншілік танытуға тырысқаның Ехобаның назарынан тыс қалмайтынын ұмытпа (Нақ. с. 19:17; Жох. 1-х. 3:17, 18).