Менің әдебиетімді алсаңдар, мен де сендердікін аламын
Қызметте кейбіреулер бізге осылай деп жатады. Біз Киелі кітапты зерттеуге арналған әдебиетімізді бұрыс ілімді насихаттайтын әдебиетке айырбастамаймыз. Олай болса, үй иесіне қалай ілтипатпен жауап беруге болады? (Рим. 1:25). Бәлкім, былай дерміз: “Рақмет, ал мұнда адамзаттың қиындықтары қалай шешілетіні жайлы не айтылған? [Жауабын күт. Егер ол жауапты әдебиеттен оқып табуға шақырса, сен оған өз әдебиетіңді мазмұнымен таныстырғаннан кейін ғана ұсынғаныңды айта кетсең болады. Сосын Матай 6:9, 10-ды оқы не ауызша айтып бер.] Демек, Құдайдың үкіметі ғана жер бетінде Құдайдың қалауын жүзеге асырады. Сондықтан мен тек Құдайдың үкіметіне баса назар аударатын әдебиеттерді оқимын. Сізге Киелі жазбалардан Құдай үкіметінің нендей өзгерістер жасайтынын көрсетейінші?”