Құдай Сөзі тәлім беруге тиімді
1. 2014 жылғы аудандық конгрестің тақырыбы қандай және онда қандай сұрақтың жауабын алатын боламыз?
1 “Ұстазымыз” Ехоба — әлемдегі ең жақсы тәлімгер (Ишая 30:20, 21). Ол бізге қалайша тәлім береді? Ехоба адамдарға дүниедегі барлық кітаптардан асып түсетін кітапты — рухының жетелеуімен жазылған Киелі кітапты — берді. Онда жазылғандар қалайша ой-санамызға және тәндік, эмоциялық, рухани саулығымызға жақсы әсер ете алады? Осы сұрақтың жауабын 2014 қызмет жылында өтетін аудандық конгресте білетін боламыз. Кездесудің тақырыбы Тімөтеге 2-хат 3:16-ға негізделген “Құдай Сөзі тәлім беруге тиімді” деп аталады.
2. Конгрестегі басты ойларды қандай сұрақтардың жауабынан білуге болады?
2 Басты ойларға назар аудар. Конгресте айтылатын басты ойларды келесі сұрақтардың жауаптарынан білуге болады:
• Киелі кітапта жазылғандар біздің өмірімізге қалай әсер етеді? (Ишая 48:17, 18).
• Ехобаға толық уақыт қызмет ету үшін өзгерістер жасауға тырыссақ, не нәрсеге сенімді бола аламыз? (Малх. 3:10).
• “Бөтен ілімдерді” естігенде, не істеуіміз керек? (Евр. 13:9).
• Исаның тәлім беру әдісіне қалай еліктей аламыз? (Мат. 7:28, 29).
• Қауымда тәлім беретіндер неліктен алдымен өздерін үйретулері керек? (Рим. 2:21).
• Құдай Сөзі неліктен тиімді? (Тім. 2-х. 3:16).
• Халықтарды “шайқалту” адамдарға қалай әсер етеді? (Хақ. 2:6, 7).
• Ехоба бізге қатысты не нәрсеге сенімді? (Ефес. 5:1)
• Ехобаның тәлімін берік ұстану үшін неліктен көп күш салуымыз керек? (Лұқа 13:24).
3. Конгреске қатысып, уақтылы дайындалған бағдарламаны зейін қойып тыңдау неліктен маңызды?
3 Конгресіміздің тақырыбы негізделген сөздерді жазбас бұрын, Пауыл Тімөтеге 2-хат 3-тарауда соңғы күндердің белгісі болып табылатын қиын-қыстау уақыт туралы айтқан. Ол: “Ал зұлымдар мен алаяқтар бұрынғыдан бетер жамандық жасап, өзгелерді де алдап, өздері де алдана бермек”,— деген (Тім. 2-х. 3:13). Иә, соларға алданып қалмас үшін бізге Киелі кітапта жазылғандарға құлақ асу және оларды өмірде қолдану қаншалықты маңызды десеңдерші! Ендеше алдағы конгреске қатысып, уақтылы дайындалған бағдарламаны зейін қойып тыңдауға бел буалық.