Құдай Сөзінің әсері күшті
1. 2014 қызмет жылында өтетін арнайы бір күндік конгрестің тақырыбы қандай?
1 Киелі кітап кемелсіз адамдар ойлап шығарған нәрсеге мүлдем ұқсамайды. Өйткені оның ойларымыз бен іс-әрекеттерімізді Ехобаның еркіне сай келтіріп, өмірімізді өзгерте алатын күші бар. Құдай Сөзінің әсері қаншалықты күшті? Ол өмірімізге барынша әсер ету үшін не істеуіміз керек? Өзгелерге көмектесу үшін оны қалайша тиімді пайдалана аламыз? 2014 қызмет жылында өтетін арнайы бір күндік конгрестің бағдарламасында қарастырылатын осы сұрақтардың жауаптары бізді рухани нығайтатынына сенімдіміз. Бұл конгрестің тақырыбы Еврейлерге 4:12-ге негізделген “Құдай Сөзінің әсері күшті” деп аталады.
2. Қандай сұрақтардың жауаптарын мұқият тыңдауымыз керек?
2 Төмендегі сұрақтардың жауабын тауып көр. Бағдарламаны тыңдай отырып, келесі сұрақтардың жауаптарын жазып отыр:
• Ехобаның Сөзіне неліктен сенімді болуымыз керек? (Заб. 28:4).
• Құдай Сөзі өмірімізге барынша әсер ету үшін не істеуіміз керек? (Заб. 33:9).
• Құдай Сөзі қызметіңе әсер ету үшін не істеуің керек? (Тім. 2-х. 3:16, 17).
• Шайтанның дүниесінің кері әсеріне беріліп қалудан қалай аулақ бола аламыз? (Жох. 1-х. 5:19).
• Жас кезіңде рухани жетістікке қалай қол жеткізе аласың? (Ерм. 17:7).
• Әлсіз кезімізде қалайша күшті бола аламыз? (Қор. 2-х. 12:10).
• Бойымызға әбден сіңіп кеткен жаман әдеттер мен бұрыс көзқарастармен күресе жүріп, өмірімізде өзгерістер жасай беруге не көмектеседі? (Ефес. 4:23).
3. Бағдарламаны тыңдаумен қатар, арнайы бір күндік конгрестің тағы қандай пайдасын көре аламыз?
3 Осындай құнды мәліметтерді естігеніміз бізге зор пайда әкеледі емес пе?! Бұған қоса, аудандық және облыстық конгресс сияқты, арнайы бір күндік конгресте де бізде басқа қауымдағы бауырластармен араласып, пейілімізді кең жаюдың мүмкіндіктері болады (Заб. 132:1—3; Қор. 2-х. 6:11—13). Сондықтан бұрынғы достарыңмен араласуға және жаңа достар табуға тырыс. Егер арнайы бір күндік конгреске облыстық бақылаушы не бетелдік бауырлас шақырылған баяндамашы ретінде келетін болса, оны және оның әйелін неге жылы қарсы алмасқа? Иә, алдағы арнайы бір күндік конгресті асыға күтуге бізде себеп көп!