Ехобаны көбірек мадақтау үшін ұйымдастырылған шара
1. Ехобаны көбірек мадақтауға қандай жаңа шара көмектесе алады?
1 Жаңа шараға сай, осы жылдың наурыз айынан бастап жариялаушылар наурыз, сәуір және аудандық бақылаушы келетін айларда 30 сағат тапсырып, қосалқы ізашар ретінде қызмет ете алатын болды. Егер аудандық бақылаушының сапары бір айдың соңы мен екінші айдың басына түссе, жариялаушы қай айда 30 сағат тапсырып, қосалқы ізашар ретінде қызмет ете алатынын өзі таңдай алады. Барлық қосалқы ізашарлар аудандық бақылаушының жалпы және арнайы ізашарлармен өткізетін кездесуіне толық қатыса алады. Сонымен 50 сағат тапсыруға мүмкіндігіміз болмаса да, біз жылына төрт рет қосалқы ізашар ретінде 30 сағат тапсырып, Ехобаны көбірек мадақтай аламыз (Заб. 108:30; 118:171).
2. Аудандық бақылаушының сапары кезінде қосалқы ізашар болғандар қандай баталарға ие болады?
2 Аудандық бақылаушының сапары кезінде. Енді аудандық бақылаушының сапары кезінде бауырластардың көбісі қосалқы ізашар ретінде қызмет етіп, онымен қызметтес болғанының арқасында өзара жігерлене алады (Рим. 1:11, 12). Қосалқы ізашарлардың көбісі аудандық бақылаушымен қызметтес болу үшін аптаның ішінде бір күн демалыс алуды жоспарлайтын шығар. Ал апта бойы жұмыс істейтін қосалқы ізашарлар онымен сенбі не жексенбі күндері қызметтес бола алады. Сондай-ақ қосалқы ізашар болған бауырластар үшін жалпы және арнайы ізашарлармен өтетін кездесуге қатысатындары зор жігер болатыны сөзсіз!
3. Неге Еске алу кеші өтетін мезгілде қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік туады?
3 Наурыз және сәуір айларында. Өткен жылдары Еске алу кеші өтетін мезгілде 30 сағат тапсырып, бір ай қосалқы ізашар ретінде қызмет еткен бауырластар енді өз “мадақтау құрбандығын” екі есе көбейте алатыны қандай қуанышты! (Евр. 13:15). Наурыз бен сәуір айлары қосалқы ізашар болып, қызметіміздің аясын кеңейтуге керемет мүмкіндік береді. Жыл сайын біз осы айларда өзгелерді Еске алу кешіне шақыру науқанына қатысамыз. Бұған қоса Еске алу кеші өтетін мезгілде көп жариялаушылар көбірек қызмет ететіндіктен, біз әртүрлі бауырластармен қызметтес бола аламыз. Еске алу кеші өткеннен кейін біз оған келгендердің қызығушылығын арттырып, оларды көпшілікке арналған арнайы баяндамаға шақырамыз. Ехобаны көбірек мадақтау үшін ұйымдастырылған осындай шара сені қосалқы ізашар ретінде қызмет етуге талпындырады емес пе? (Лұқа 6:45).