Ұсыныс үлгісі
Маусымның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Біз сөйлескен адамдардың барлығы дерлік дүниежүзінде бейбітшіліктің болғанын қалайды. Бірақ біз соғыстардың орын алып жатқанын көрудеміз. Қалай ойлайсыз, неге дүниежүзілік бейбітшілікке қол жеткізу қиын болып отыр?” [Жауабын күт. “Күзет мұнарасының” 1 маусымындағы санының артқы бетіндегі мақаласын көрсетіп, бірінші сұрақтың жауабын және кем дегенде бір тармақты қарастыр. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта баруға келіс.]
Ескерту: Бұл ұсыныс 1 маусымда уағыздауға арналған кездесуде көрсетілсін.
“Күзет мұнарасы” 1 маусым
“Біз көпшілікті мазалайтын мәселелер туралы осы аймақтағы адамдармен қысқаша сөйлесіп жүрміз. Адамдардың көбісі бірде болмасын бірде алалаушылықпен кезігіп жатады. Қалай ойлайсыз, дүниежүзінде алалаушылық танытылмайтын жер бар ма? [Жауабын күт.] Ал Құдайдың барлық адамға қалай қарайтынына назар аударыңызшы.” [Елшілердің істері 10:34 оқы. Құдай алалаушылықты қалай біржолата жоятыны туралы жазылған мақалаға назар аудар.]