Сен хабарландырулар тақтасына жүйелі түрде қарайсың ба?
Ақсақалдар, қызмет көмекшілері және қауымда жауапкершіліктері бар басқа да бауырластар қай күні тапсырмалары бар екенін көру үшін жүйелі түрде хабарландырулар тақтасына қарайды. Алайда қауымның барлық мүшелері ол жерден өте маңызды мәлімет ала алады. Патшалық сарайын тазалайтын кезегіңнің қашан екенін білесің бе? Аудандық бақылаушыдан не филиалдан қауымыңа маңызды хат келді ме? Киелі кітапты зерттеп жүрген адамды кездесуге шақыру үшін осы аптада айтылатын көпшілікке арналған баяндаманың қалай аталатынын білесің бе? Қауым кездесулерінің не уағыздау тобының кестесіне өзгерістер жасалды ма? Бұл хабарландырулардың көбісі кездесулерде айтылмайды және ақсақалдар бұларды әрбір жариялаушыға жеке-жеке айтып жүре алмайды. Сол себепті хабарландырулар тақтасын жүйелі түрде қарауымыз керек. Егер хабарландыруларды біліп жүрсек, барлық істі “лайықты әрі тәртіппен” істейтін боламыз (Қор. 1-х. 14:40).