Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2013 жылдың 29 сәуірден басталатын аптада қарастырылады. Әр сұрақтың қай күні талқыланатыны көрсетілген. Бұл жариялаушыларға әр аптадағы мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізуге көмек болмақ.
1. Марқа 10:6—9 тармақтарда Иса некеге қатысты қандай нұсқауды тыңдаушылардың есіне салды? (4 наур., w08 15.2. 30-б., 8-абз.).
2. Ехобаға “бүкіл жан-тәніңмен” қызмет ету деген нені білдіреді? (Мар. 12:30). (4 наур., w97-U 15.10. 13-б., 4-абз.).
3. Марқа 13:8-гі “толғақтың азабы” деген нені білдіреді? (11 наур., w08 15.3. 12-б., 2-абз.).
4. Лұқа өзінің жазбасын жазғанда, қандай мәлімет көздеріне жүгінген? (Лұқа 1:3). (18 наур., w09 15.3. 32-б., 4-абз.).
5. Мінсіздігімізді сынау үшін Шайтанның “қолайлы уақытты” күтетінін білгеніміз бізді не нәрсеге талпындыру керек? (Лұқа 4:13). (25 наур., w11 15.1. 24-б., 10-абз.).
6. Лұқа 6:27, 28-гі сөздерді қалай қолдануымызға болады? (25 наур., w08 15.5. 8-б., 4-абз.).
7. Иса өліп, төлем құрбандығын бермес бұрын, күнәкар әйелді қалай кешіре алған? (Лұқа 7:37, 48). (1 сәу., w10 15.8. 6, 7-б.).
8. Исаның көрнекі мысалындағы періштелердің жоғалған теңгеге қатысты көзқарасы несімен ерекше? (Лұқа 15:10). (15 сәу., gt 85-тар.).
9. “Күн, ай, жұлдыздардағы белгілер” адамзатқа қалай әсер ететін болады? (Лұқа 21:25). (22 сәу., w97-U 1.4. 15-б., 8, 9-абз.).
10. Өте ауыр сынақтарға кезіккенде, Исаның дұғасына қалай еліктей аламыз? (Лұқа 22:44). (29 сәу., w07-U 1.8. 6-б., 2-абз.).