“Бүгінде Ехобаның еркін кім орындауда?” кітапшасын қалай қолданамыз?
Жаңа кітапша Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдарды ұйымға бағыттауға арналған
1. “Ехобаның еркі” кітапшасы қандай үш мақсатпен шығарылған?
1 “Бүгінде Ехобаның еркін кім орындауда?” деп аталатын жаңа кітапшаны қолданып жүрсің бе? Бұл кітапшаның мақсаты: 1) зерттеушілерді Ехоба куәгерлерімен таныстыру; 2) оларға қандай істермен айналысатынымыз жайлы мәлімет беру; 3) ұйымымызда атқарылып жатқан істерді көрсету. Жаңа кітапшаның әр тарауы бір ғана беттен тұратындықтан, әр зерттеуден кейін оны бес-он минуттың ішінде қарастыруға болады.
2. Кітапшаның ерекшеліктерін атап өт.
2 Кітапшаның ерекшеліктері. Жоғарыда айтылғандай, кітапша үш бөлімнен тұрады және әр бөлімде Ехобаның ұйымының әртүрлі қырлары қарастырылады. 28 тараудың барлығының дерлік тақырыбы сұрақ түрінде берілген, ал қара қаріппен жазылған тақырыпшалар сол сұраққа жауап береді. Кітапшаның ішіндегі 50-ден аса елде тұратын бауырластардың суреттері ісіміздің халықаралық көлемде жүргізілетінін көрсетеді. Кей тарауларда “Көбірек білгіңіз келсе” деген қоршау бар. Зерттеушілерді сол қоршаудағы кеңестерді қолдануға талпындырған дұрыс.
3. “Ехобаның еркі” кітапшасын қалай қолдануға болады?
3 Қолдану жолы. Алдымен, тараудың сұрақ ретінде берілген тақырыбына назар аудар. Оқу барысында қара қаріппен жазылған тақырыпшаларға көңіл бұр. Ал соңында беттің төменгі жағында орналасқан қайталауға арналған сұрақтарды қарастыр. Сабақты толығымен оқып шығуға не тақырыпшаларды жеке-жеке оқып, талқылауға болады. Жазба орындарының қайсысын оқу керектігін жағдайға қарай шешкен дұрыс. Суреттер мен “Көбірек білгіңіз келсе” деген қоршауды да қарастыруды ұмытпа. Негізінен сабақтарды ретімен талқылаған жөн. Алайда зерттеушіге қызық болып жатқан сұрақтарды түсіндіру үшін алдағы тарауларға өтуден тартынба. Мысалы, жақын арада облыстық не аудандық конгресс өтетін болса, 11-тараудағы мәліметті қарастырсаң болады.
4. Жаңа кітапшаның басып шығарылғанына сен неге қуаныштысың?
4 Адаммен Киелі кітап зерттеу сабағын өткізгенде, оған көктегі Әкемізбен танысуға көмектесеміз. Алайда оған Ехобаның ұйымы жайлы да үйретуіміз керек (Нақ. с. 6:20). Бұл орайда жаңа кітапшаның бізге зор көмек болатынына қаншалықты қуаныштымыз десеңдерші!