Еске алу кешіне шақыру науқаны 1 наурызда басталады
1. Еске алу кешіне шақыру науқаны қашан басталады және неге ол биыл ұзағырақ болады?
1 Наурыздың 1 жұлдызынан бастап барша жұртты Еске алу кешіне шақыратын боламыз. Биыл Еске алу кеші 26 наурызда өтеді. Демек, шақыру науқаны алдыңғы жылдарға қарағанда ұзағырақ болады. Осының арқасында кешке көбірек адамды шақыра аламыз, әсіресе қауымның аумағы үлкен болса, көп адамға жолығуға мүмкіндік туады.
2. Адамдарды Еске алу кешіне шақырғанда, нені есте ұстауымыз керек?
2 Қалай шақырамыз? Қысқа да нұсқа сөйлегеніміздің арқасында көбірек адамды шақыруға мүмкіндігіміз болады. Әрине, үй иесі жылы шырай танытса не сұрақ қойса, асығыс кетіп қалудың қажеті жоқ. Сондай-ақ адамдарды Еске алу кешіне демалыс күндері шақырсақ, соған сай келетін журналдарды ұсынуға болады. 2 наурызда Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынудан гөрі, Еске алу кешіне шақыруға көбірек күш саламыз.
3. Неліктен науқанға құлшына атсалысуымыз керек?
3 Еске алу кешіне көп адам келеді деп үміттенеміз. Баяндама барысында Исаның шын мәнінде кім екені түсіндіріледі (Қор. 1-х. 11:26). Оның өлімі бізге қандай игілік әкелетіні айтылады (Рим. 6:23). Сондай-ақ Исаны әрдайым есте ұстағанымыз неге маңызды екеніне назар аударылады (Жох. 17:3). Бәріміз де осы науқанға құлшына атсалысайық!