“Жастардың сауалдары. Өмірімді неге арнауыма болады?” (2-бөлім)
“Жастардың сауалдары. Өмірімді неге арнауыма болады?” бейнефильмінің негізгі менюіндегі “Сұхбаттардың” ішіндегі “Бөлімдерді” аш. Ондағы үш бөлімді көріп болған соң, 2-абзацтағы сұрақтарға жауап бер. Содан кейін негізгі менюдегі “Қосымша мәліметтерді” ашып, ішіндегі қосымша бес сұхбатты қарап шығып, 3-абзацтағы сұрақтарға жауап тап.
Бөлімдер: Өмірді босқа өткізу керек пе, әлде Құдайға бағыштаған дұрыс па? 1) Жастарға қандай мақсаттарды көздеуге қысым көрсетілуде? 2) Жастарға қаншалықты білім алу керектігін шешуде Жоханның 1-хаты 2:17 қалай көмектеседі? 3) Неге қорқыныштың шомылдыру рәсімінен өтуге кедергі жасауына жол бермеуіміз керек? 4) Шомылдыру рәсімінен өтуге қандай жайттар көмектеседі? Қызметтен қуаныш табудың жолы: 5) Неге кейбіреулер қызметтен қуаныш алмайды? 6) Қызметтен қуаныш алуымызға не көмектеседі? 7) Кейбіреулер бейтаныс адаммен сөйлесуден де көбірек неден қорқады және неге? 8) Қалай қорқынышты жеңіп, батылдықпен сөйлесуді үйрене аламыз? 9) Қызметте қандай шеберлікті дамыту маңызды? Қызмет етуге есік ашық: 10) Ізашарлық қызмет рухани өсуге қалай көмектеседі? (Філіп. 3:16). 11) Кейбіреулер ізашарлық қызметті бастауға неге тартынады? 12) Қаржы мәселесін уайымдамауға Киелі кітаптағы қандай принциптер көмектеседі? 13) Кейбіреулер ізашар бола жүріп, өздерін қаржы жағынан қамтамасыз ету үшін не істеген? 14) Толық уақытты қызмет етуге жағдайымыз келмесе, не істеуге болады?
Қосымша мәліметтер: Жеке зерттеудің маңыздылығы: 15) Жүйелі түрде жеке зерттеу өткізу неліктен маңызды? Қызметтің түрлері: 16) Қызметтің әр түріне қатысқанымыз қалай қуанышымызды арттырады? Бетелдегі қызмет: 17) Бетелдегі қызмет қандай қуаныш әкеледі? Қызметті жетілдіру мектебі: 18) Осы мектепті (қазір “Салтбасты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебі” деп аталады) бітіргендер оның қандай пайдасын көрген? Ғалақад миссионерлік мектебі: 19) Питер мен Фиона миссионерлік қызметке қалай дайындалды және олар Ғалақад мектебінің қандай пайдасын көрді?