Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2012 жылғы 27 тамыздан басталатын аптада қарастырылады. Әр сұрақтың қай күні талқыланатыны көрсетілген. Бұл жариялаушыларға әр аптадағы мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізуге көмек болмақ.
1. Қай мағынада “адам баласы мақталғанда сыналады”? (Нақ. с. 27:21). [2 шіл., w06 1.10. 10-б.]
2. “Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік!” деген сөздер нені білдіреді? (Ишая 1:18). [9 шіл., w06 1.12. 29-б.]
3. Мұнда неге “мен” және “біз” деген есімдіктер қолданылған? (Ишая 6:8а). [16 шіл., w06 1.12. 29-б.]
4. Неге Ехоба зұлым патша Ахазды қорғады? (Ишая 7:3, 4). [16 шіл., w06 1.12. 30-б.]
5. Неге тұтқыннан оралғандарға: “Естеріңе бұрынғыны алмаңдар”,— делінген? (Ишая 43:18—21). [30 шіл., w07 1.3. 5-б.]
6. Мәсіхтің жердегі қызметі Исраил ұлдарымен шектелсе де, қалай ол “басқа ұлттар үшін де жарық” болып табылады? (Ишая 49:6). [6 там., w07 1.3. 5-б.]
7. Мәсіхтің көп адамдарды ақтайтын білімі деген не? (Ишая 53:11 сілт.). [13 там., w07 1.3. 6-б.]
8. “Басқа ұлт адамдары” кімдер және қалайша олар [Ехобаның] “келісімін берік ұстанады”? (Ишая 56:6). [13 там., w07 1.3. 6-б.]
9. “Мәңгілік келісім” деген не, ал “ұрпақ” ше? (Ишая 61:8, 9). [20 там., w07 1.3. 7-б.]
10. Қалайша Құдайдың қаһары өзіне сүйеніш болады? (Ишая 63:5). [27 там., w07 1.3. 7-б.]