Аптаның ішінде өтетін кездесуге қатысты өзгерістер
3 қыркүйектен басталатын аптадан бастап қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі 25 минут емес, 30 минут өтетін болады. Зерттеуді жүргізетін бауырлас алғы сөзінде алдыңғы сабақты бір минут ішінде қайталап шығу керек. Ал қызмет кездесуінің уақыты 35 минут емес, 30 минут болады. Бұдан былай хабарландыруларға арналған бөлім болмайды. Кез келген хабарландырулар қызмет кездесуінің бірінші бөлімінің басында айтылып кетуі керек. Көп жағдайда бірнеше ғана хабарландыру болуы не мүлдем болмауы мүмкін. Сондай-ақ кездесу бағдарламасына шолу жасаудың қажеті жоқ. Уағыздауға арналған кездесулер мен тазалық кестесі, сондай-ақ сәлемдемелер де хабарланбағаны жөн (km 10.08. 1-б., 4-абз.). Егер айтылатын хабарландыру ұзақ болса, басқа бөліммен шығатын бауырластардың бұл жайлы алдын ала білгені жөн, сонда олар өз бөлімдерін қысқарта алады.