Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2012 жылғы 30 сәуірден басталатын аптада қарастырылады. Әр сұрақтың қай күні талқыланатыны көрсетілген. Бұл жариялаушыларға әр аптадағы мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізуге көмек болмақ.
1. Забурдың 69-жырынан Дәуіт туралы не білуге болады? (5 наур., w08 15.9 4-б., 4-абз.)
2. Асафтың тура жолдан тая жаздауына не себеп болды және қалайша ойын өзгертті? (Заб. 72:2, 3, 17). (5 наур., w93-U 15.7. 28-б., 3, 5-абз., 30-б., 1-абз.)
3. Әсіресе қай кезде Ехоба дұғаларымызды тыңдайды? (Заб. 78:9). (19 наур., w06 1.8. 22-б.)
4. Забур 89:7, 8-дегі “құпиялар” деген не? (26 наур., w02 1.3. 21-б., 14—16 абз.)
5. Забур 91:13—16-ға сай, қауымдағы қарт бауырластарға қандай маңызды міндет жүктелген? (2 сәу., w04 1.6. 10, 11-б., 14—18 абз.)
6. Забур 101:26—28-дегі сөздер Ехобаның жерге қатысты ниетіне қайшы келе ме? (Жар. 1:28). (9 сәу., w08-U 1.4. 12-б. 1-абз.)
7. Түсініктің жоқтығы жайлы айтылған Забур 105:7-дегі сөздерден қандай сабақ ала аламыз? (16 сәу., w95-U 1.9. 19-б., 4-абз.—20-б., 2-абз.)
8. Забур 109:1, 4-ке сай, Ехоба уәде етілген Ұрпаққа, немесе Мәсіхке, қандай уәде берді және адамзатқа бұл қандай баталар әкеледі? (23 сәу., cl 194-б., 13-абз.)
9. Забур жыршысы Құдайға қызмет етуден келетін пайданың үстінен ой жүгірткені өзіне қалай әсер етті? (Заб. 115:3, 5). (23 сәу., w09 15.7. 29-б., 4, 5-абз.)
10. Неліктен Ехобаның ескертулерін берік ұстануымыз керек? (Заб. 118:60, 61). (30 сәу., w01 1.3. 25-б., 4, 5-абз.)