Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.12. 7-б.
  • Құны өте төмен екі тиын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құны өте төмен екі тиын
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол бәрінен де көп салды
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Исаның ғибадатханадағы соңғы күні
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
km 4.12. 7-б.

Құны өте төмен екі тиын

Патшалықтың мүддесін ойлайтынымызды көрсетудің маңызды жолдарының бірі — дүниежүзілік уағыз ісіне садақа беру. Алайда біздің қаражатымыз шектеулі болса ше?

Бірде Иса кедей жесір әйелдің ғибадатхана қазынасына құны өте төмен екі тиын салғанын көрді. Бұл әйел Ехобаны жақсы көргендіктен, өзі “бейшара бола тұра, бар ақшасын, күнелтетін нәрсесінің бәрін салған” болатын (Мар. 12:41—44). Иса осы әйелге назар аударуымен Құдайдың көзінде оның садақасы өте бағалы болғанын көрсетті. Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер де уағыз ісіне садақа беру артықшылығы тек бақуатты мәсіхшілер ғана беріледі деп есептемеген. Мысалы, елші Пауыл македондықтардың тақыр кедей болғандарына қарамастан, жомарт сый ұсынуға мүмкіншілік беруді жалынып сұрағандарын айтты (Қор. 2-х. 8:1—4).

Олай болса, “құны өте төмен екі тиын” салсақ та, мұндай кішігірім садақалардың қомақты қаржының басын құрайтынын ұмытпауымыз керек. Шын жүректен берген садақаларымыз жомарт Әкемізді қуантатыны сөзсіз, өйткені ол “қуанышпен беретіндерді жақсы көреді” (Қор. 2-х. 9:7).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу