Іскерлер аумағында батыл куәлік бер
1. Іскерлер аумағында уағыздауға қорықсақ, неге салымыз суға кетпеу керек?
1 Іскерлер аумағында уағыздауды ойлағанда, бойыңды қорқыныш билей ме? Егер солай болса, салың суға кетпесін. Өйткені өжет уағыздаушы ретінде танымал Пауылға да куәлік ету үшін батылдық қажет болған (Сал. 1-х. 2:2). Төменде іскерлер аумағында уағыздаған кезде жиі кездесетін қиындықтар мен оларды жеңуге көмектесетін тиімді кеңестер келтірілген.
2. Неліктен қызметкерлер наразы болады деп қорқудың қажеті жоқ?
2 Жұмысынан алаңдатсам, қызметкерлер наразы бола ма? Көптеген мекемелер мен сауда орталықтарындағы қызметкерлер халыққа қызмет көрсетумен айналысады, сондықтан бұл — оларға үйреншікті нәрсе. Олар әр адамға болашақ клиент ретінде қарайтындықтан, әдетте сыпайылық танытады. Ал лайықты киініп, әрі жылулық пен достық сыңай танытатын болсаң, бұл да оның саған сый-құрметпен қарауына ықпал етеді.
3. Клиенттер наразы болмау үшін не істеу керек?
3 Көптеген клиенттердің көз алдында уағыздауым қажет бола ма? Мүмкіндігінше, сауда орнына клиенттер аз кезде, мысалы жұмыс күнінің басында, баруға тырыс. Меңгерушінің не сатушының қолы босағанша күте тұр. Сондай-ақ оған айтатын ұсынысың да мейлінше қысқа болсын.
4. Жұмыс уақытында қызметкерлерге қалай ұсыныс жасауға болады?
4 Не деуім керек? Егер бірнеше қызметкер тұрса, бірінші кезекте, лауазымы жоғары қызметкермен сөйлесуге тырыс. Былай деуіңе болады: “Іскер адамдарды үйлерінен табу қиын болғандықтан, біз сіздің жұмыс орныңызға келдік. Мен сіздің бос емес екеніңізді білемін, сондықтан да қысқа ғана айтуға тырысамын”. Бізді бірдеңе сатып жүр деп ойлап қалмас үшін, қызметкердің өзі бұл туралы сұрамаса, ерікті садақалар жөнінде сөз қозғаудың қажеті жоқ. Олардың немен айналысатынына қарай, меңгерушіден өзге де қызметкерлермен қысқаша сөйлесуге рұқсат сұрасаң болады. Сосын оларға да ұсынысыңды қайтала.
5. Іскерлер аумағында батыл куәлік беруге қандай себептер бар?
5 Иса да, Пауыл да адамдарға жұмыс орындарында батыл куәлік берген, демек, бұл сенің де қолыңнан келеді (Мат. 4:18—21; 9:9; Ел. іс. 17:17). Қобалжымау үшін әрі батыл болу үшін Ехобадан көмек сұрап дұға ет (Ел. іс. 4:29). Іскерлер аумағында адамдар әрдайым жұмыс орнында, сондықтан осы аумақтағы қызмет жемісті болары сөзсіз!