Еске алу кешіне шақыру науқаны 17 наурызда басталады
1. 17 наурызда қандай науқан басталады?
1 Еске алу кеші Исаның “өлімін жариялау” үшін жыл сайын атап өтіледі (Қор. 1-х. 11:26). Сол себепті біз басқалардың да осы кешке келіп, Ехобаның сүйіспеншілікпен берген сыйы — төлем құрбандығы — жайлы естігенін қалаймыз (Жох. 3:16). Биыл Еске алу кешіне шақыру науқаны 17 наурызда, сенбі күні, басталады. Осы науқанға барынша қатысқың келер ме еді?
2. Адамдарды Еске алу кешіне қалай шақыруға болады?
2 Не деуіңе болады? Қысқа ұсыныс айтқан дұрыс. Мысалы, былай деуіңе болады: “Сәлеметсіз бе! Сіздің отбасыңызды жыл сайын дүниежүзі бойынша өткізілетін маңызды кешке шақырғым келеді. Биыл ол 5 сәуірде болады. Кеште Иса пайғамбардың не үшін өлгені және қазір оның не істеп жатқаны жайлы Киелі кітапқа негізделген баяндама айтылады”. Сосын, кездесудің қай жерде және қашан өтетінін айт.
3. Қалай мүмкіндігінше көп адамды шақыра аламыз?
3 Мүмкіндігінше көп адамды шақыр. Біздің мақсатымыз — мүмкіндігінше көп адамды шақыру. Сондықтан Киелі кітапты зерттеп жүргендерді, қайта бару жасаған адамдарыңды, туысқандарыңды, әріптестеріңді, сыныптастарыңды, көршілеріңді және тағы басқа таныстарыңды шақыруды ұмытпа. Ақсақалдар учаскелерді қалай аралау керектігіне қатысты басшылық беретін болады. Жыл сайын өткізілетін Еске алу кешіне шақыру науқаны жақсы нәтиже әкелуде. Мысалы, өткен жылы бір әйел Патшалық сарайына келгенде, қызмет көрсетуші бауырлас оған кездесуге шақырған адамды тауып беруді ұсынады. Алайда ол әйел мұнда ешкімді танымайтынын және шақыру қағазын дәл сол күні үйден үйге жүрген адамнан алғанын айтады.
4. Науқанға құлшыныспен қатысудың қандай келелі себептері бар?
4 Бәлкім, Еске алу кешіне өзің шақырғандардың кейбірі келетін шығар. Алайда олар келсе де, келмесе де, сенің бар ынтаңмен күш салғаныңның арқасында керемет куәлік беріледі. Өйткені науқанға қатысуыңмен Исаның бүгінде құдіретті Патша болып отырғанын паш етесің. Сондай-ақ учаскеңдегі адамдарға, бауырластарға және ең бастысы, Ехобаға төлем құрбандығын қатты бағалайтыныңды көрсетесің (Қол. 3:15).