Қазірден бастап көбірек қызмет етуді жоспарла
1. Еске алу кеші өтетін мезгіл несімен ерекше және оған қалай дайындалуға болады?
1 Әрбір Еске алу кеші өтетін мезгілде Ехобаға көбірек “мақтау айтудың” жаңа мүмкіндіктері туады (Заб. 108:30). Біз үшін төлем құрбандығын берген Құдайға ризашылығыңды білдірудің бір жолы ретінде наурыз айында көбірек қызмет еткің келер ме еді? Олай болса, қазірден бастап жоспар құруыңа болады (Нақ. с. 21:5).
2. Өткен жылдың сәуір айында қосалқы ізашарлық қызметтің уақыты қысқарғаны саған және басқаларға қалай әсер етті?
2 Қосалқы ізашарлық қызмет. Өткен жылы қосалқы ізашарлардың сәуірде 30 сағат тапсыруына болатыны хабарланғанда, қауымдағы бауырластардың қуанышында шек болмады. Бір ер бауырлас былай деп бөліскен еді: “Мен жоғарғы сыныпта оқимын, сондықтан жалпы ізашар болу маған қиынға соғар еді. Жаңа мүмкіндікті пайдаланып, сәуір айында қосалқы ізашардың 30 сағатына өтініш жазып, бірақ 50 сағат жасауға тырысып көргім келеді”. Толық уақыт жұмыс істейтін бір әйел бауырлас болса: “Отыз сағат қызмет ету түк те қиын емес!”— деп жазды. Аталмыш шара жайлы хабарланғанда, бұрын ізашар болып қызмет еткен жасы 80-нен асқан бір қарт бауырлас: “Менің көптен бері күткенім осы ғой! Ехоба өмірімдегі ең керемет кездерімнің ізашарлық қызметпен байланысты болғанын жақсы біледі!”— деді. Ал қосалқы ізашар ретінде қызмет ете алмағандар уағызға көбірек уақыт жұмсады.
3. Наурыз, сәуір және мамыр айларында қосалқы ізашар ретінде қызмет етуге қандай келелі себептер бар?
3 Осы жылдың наурыз айында қосалқы ізашар ретінде 30 не 50 сағат қызмет етудің тағы бір керемет мүмкіндігі туып тұр. Оның үстіне, 17 наурызда басталатын арнайы науқан кезінде барша жұртты 5 сәуірде өтетін Еске алу кешіне шақыратын боламыз. Көп бауырластар қызметке белсене қатысқандарының арқасында қуанышқа кенеліп, сәуір мен мамыр айларында қосалқы ізашар ретінде 50 сағат қызмет етуді қалайтын болар.
4. Қалай көбірек қызмет ете аламыз және мұның нәтижесі қандай болады?
4 Неге отбасылық ғибадат кешінде әрбір отбасы мүшесінің көктем айларында қалай көбірек қызмет ете алатынын қарастырмасқа? (Нақ. с. 15:22). Ехобаға дұға айтып, күш салып жатқаның үшін жарылқауын сұра (Жох. 1-х. 3:22). Қызметке белсене қатысудың арқасында Ехобаны көбірек мадақтаумен қатар, қуанышыңның да арта түсері шүбәсіз (Қор. 2-х. 9:6).