“Әртүрлі адамдарға” уағызда
1. Нәтижелі жариялаушылар қай жағынан шебер ұстаға ұқсайды?
1 Шебер ұстаның әртүрлі құрал-сайманы болады. Ол әрқайсысын қашан және қалай қолдану керектігін біледі. Дәл сол сияқты біздің де уағыз ісін атқаруға көмектесетін көптеген құралдарымыз бар. Мысалы, шындықты “әртүрлі адамдардың” жүрегіне жеткізу үшін сан алуан тақырыпта кітапшалар басып шығарылды (Қор. 1-х. 9:22). Біздің патшалық қызметіміздің осы санының қосымшасында кейбір кітапшалардың тізімі келтіріліп, оларды кімге және қалай ұсынуға болатыны көрсетілген.
2. Кітапшаларды қай кезде қолданғанымыз жақсы?
2 Кітапшаларды қай кезде қолданған дұрыс? Ұста құралын қажет болған кезде қолданады. Сол сияқты біз де кітапшаларды арнайы белгіленген айларда ғана емес, адамға пайдасын тигізеді-ау деген кез келген уақытта ұсынуымызға болады. Мысалы, “Киелі кітап үйретеді” басылымы ұсынылатын айда Жазбалардан онша хабары жоқ мәсіхші емес адамға уағыздасақ, рухани тәбетін ашу үшін алдымен оған қызықты болатын кітапша беріп, содан кейін “Киелі кітап үйретеді” кітабын ұсынғанымыз жақсы.
3. Неге уағыздауға арналған құралдарды шеберлікпен қолдануымыз керек?
3 Жазбаларда өз ісіне шебер адамға мақтау айтылған (Нақ. с. 22:29). Бүгінде ізгі хабарды жариялау ең маңызды іс болып табылатыны сөзсіз (Рим. 15:16). Сондықтан “еш ұятқа қалмайтын жұмысшы болу үшін” қолда бар құралдарды шеберлікпен пайдалануға барынша тырысайық (Тім. 2-х. 2:15).