Төтенше жағдайға дайынсың ба?
Қай қайсысымыз да төтенше жағдайға табан астынан тап болуымыз мүмкін (Жақ. 4:14). Сондықтан көреген адам бұған алдын ала жақсылап дайындалады (Нақ. с. 22:3). Ем түрлері мен емшаралардың қайсысын қабылдайтыныңды шешіп, мұны құжатыңа жазып қойдың ба? Бұл орайда “Қан құймай емдеу жолдары. Ғылыми-деректі фильмдер сериясы” деп аталатын DVD дискідегі “Қан құймай емдеудің жолдары. Науқастың құқықтарын бұзбай көмек беру” деген екінші фильм саған зор көмек болады. Оны көріп отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беруге тырыс. Фильмде ота жасалатын көріністер бар, сондықтан ата-аналардың парасаттылық танытып, оны балаларға көрсету-көрсетпеу керектігін шешіп алғандары жөн.
1) Неліктен кейбір медицина мамандары қан құюға қатысты мәселені қайта қарастыруда? 2) Қан құймай жасалған күрделі отаның үш мысалын айтып бер. 3) Неге дүниежүзі бойынша мыңдаған дәрігер мен хирург қан құймай емдеуге дайын? 4) Қанды қолдануға қатысты соңғы медициналық зерттеулер нені көрсетеді? 5) Қан құю қай жағынан қауіпті? 6) Қан құймай емдеудің жолдары туралы көп мамандар қандай қорытындыға келді? 7) Анемия неден болады? Қанның орнын қалай толтыруға болады? 8) Адам ағзасындағы қан өндіру процесін қалай ретке келтіруге болады? 9) Ота жасау барысында қансырауды қалай азайтуға болады? 10) Қан құймай емдеу шараларын балаларды емдегенде не өмірге қауіп төнген жағдайда қолдануға бола ма? 11) Сапалы емдеу шараларының ең басты этикалық принциптерінің бірі қандай?
Бейнефильмде көрсетілген кейбір ем түрлерін қабылдау-қабылдамауды әркім өз ар-ұжданына қарай шешеді. Сондықтан жеме-жемге келгенше күтіп отырмай, мұны алдын ала шешіп алғаның дұрыс. “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабының 7-тарауындағы және “Біздің патшалық қызметіміздің” 2006 жылдың қараша айындағы қосымшасындағы мәлімет осы мәселе жөнінде жан-жақты білім алып, қажетті шешім қабылдауыңа көмектеседі. Шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушы болсаң, шешімдеріңді ЕБС құжатына жазып, оны әрдайым өзіңмен бірге алып жүр.
[3-беттегі сөздер]
Ем түрлері мен емшаралардың қайсысын қабылдайтыныңды шешіп, мұны құжатыңа жазып қойдың ба?