Патшалықтың әндерін рақаттана тыңдайтын кез
Құдайдың қызметшілері әуенді оның берген сыйы деп қарастырады (Жақ. 1:17). Көп қауымдарда кездесудің алдында және соңында үні бәсеңдетіліп қойылған Патшалықтың әндерін естуге болады. Ұйымның әуендері кездесуге келгендерді жылы қарсы алуға септігін тигізеді әрі ой-санамызды ғибадатқа дайындайды. Бұған қоса, ән кітабымыздағы жаңа әуендердің ойналуы оларды ойда сақтауымызға әрі кездесулерде дұрыс айтуымызға көмектеседі. Әуендердің кездесуден кейін ойналуы бір-бірімізбен әңгімелесіп, жігерленуге қолайлы жағдай жасайды. Сол себепті ақсақалдар кеңесі кездесуге дейін және содан кейін “Ехобаға арнап ән шырқаңдар. Пианиноның сүйемелдеуі” жинағынан әуендердің ойналуына қам жасаулары керек. Олар әуен даусының тым қатты қойылып, әңгімелесуге кедергі жасамауын қадағалаулары керек.