Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 12.11. 2-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Ұқсас мәлімет
  • Әдебиеттерімізді парасаттылықпен қолданайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
  • Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерімізді даналықпен қолданыңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
  • Көп тілді аумақта әдебиеттер ұсыну
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ол қандай күйде?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
km 12.11. 2-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Адамға әдебиет қалдыру керек пе, жоқ па, соны қалай анықтауға болады?

Ескеру керек басты нәрсе — адамның қызығушылық танытуы. Егер ол шынайы қызығушылық танытса, екі журнал, кітапша, кітап не тағы басқа әдебиеттерді ұсынуға болады. Ол дүниежүзілік іске азын-аулақ садақа берсе де, не мүлдем бермесе де, осылай еткеніміз дұрыс (Рим. 2:11; Аян 22:17). Алайда біз құнды әдебиеттерімізді бағаламайтын адамдарға бермейміз (Мат. 7:6).

Үй иесінің қызығушылық танытқанын қалай байқауға болады? Оның бізбен әңгімелесуге ықылас білдіргені жақсы белгі болып табылады. Мысалы, айтып жатқандарымызға ден қойғаны, сұрақтарымызға жауап бергені және өз ойын білдіргені талқылауға қатысып жатқанын көрсетеді. Ал Киелі кітаптан оқып бергенде, бізбен бірге көз жүгіртіп отырғаны Құдай Сөзін құрметтейтінін көрсетсе керек. Ұсынып отырған әдебиетті оқығысы келетінін сұрағанымыз да көп жағдайда көмек болады. Адамның қызығушылығын анықтағанда парасаттылық танытқанымыз маңызды. Айталық, көшемен уағыздағанда журнал, кітапша не кітаптарды оңды-солды таратқанымыз дұрыс болмас еді. Ал егер адамның қызығушылығы бар-жоғын байқау қиын болса, трактат не шақыру қағазын берген дұрыс.

Сондай-ақ жариялаушының қанша әдебиетке тапсырыс беретіні қандай сомада садақа жасайтынына емес, қаншасын тарата алатынына байланысты. Ерікті садақалар әдебеттердің ақысы ретінде берілмейді, олар дүниежүзілік уағыздау ісінің барлық саласын қолдау үшін жасалады. Материалдық жағдайымыз қандай болмасын, біз Патшалықтың мүддесіне жомарттықпен садақа жасағанда, мұны өзімізден артылғандықтан емес, ризашылығымыз талпындырғандықтан береміз (Мар. 12:41—44; Қор. 2-х. 9:7). Сондай-ақ ризашылық сезімі бізді ұйымның әдебиеттерін ысырап етпей, қанша тарата алсақ, сонша алуға талпындырады.

[2-беттегі сөздер]

Жариялаушылар адамның қызығушылығын анықтағанда парасаттылық таныту керек

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу