Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.11. 2-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Ұқсас мәлімет
  • Шұғыл әрекет ет
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Тезірек қайта оралып баруларыңды өтінеміз
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Сауалдар жәшігі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Филиалда қандай жұмыс атқарылады?
    Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
km 11.11. 2-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Купон не Интернет арқылы тапсырыстарды кім жасау керек?

Біздің әдебиеттерімізде купондар бар. Осы купондарды толтырып, филиалға жіберу арқылы әдебиетке тапсырыс беруге не Ехоба куәгерлерінің келуін өтінуге болады. Бұған қоса, біздің интернет-сайтымыз (www.watchtower.org) арқылы зерттеу сабағына өтініш жазуға болады. Бұл шаралар көп адамға шындықты білуге көмектесуде. Алайда жариялаушылардың аталмыш шаралар арқылы туыстарына не басқаларға рухани көмек көрсетілуін сұрағаны біраз қиындықтар тудырған.

Кейбіреулер филиалдан өздері тапсырыс бермеген әдебиеттерді алғанда, өздерін әдебиеттер жүйелі түрде жеткізілетіндердің тізіміне енгендей сезініп, ұйымның оларды мазалағанына шағымданған. Тапсырыс алған жариялаушылар өздері өтініш білдірмеген адамдарға барғанда, олардың наразылығын көріп, ыңғайсыз жағдайға қалған. Сондықтан интернет-сайт не купон арқылы өтінішті жариялаушылар емес, қызығушылық білдірген адамның өзі жазуы керек. Әлдекім мұндай өтініштерді басқалар үшін жасайтын болса, оларды филиал қарастырмайды.

Олай болса, туысымызға не танысымызға қалай рухани көмек көрсете аламыз? Оның әдебиеттерімізді алғанын қаласаң, оларды сый ретінде өзің жөнелтсең болады. Ол адам қызығушылық танытса және үйіне Ехоба куәгерлерінің келгенін қаласа, ал сен жергілікті қауымның ақсақалдарымен қалай байланысу керектігін білмесең, “Мына кісіге баруды өтінеміз” (S-43) бланкісін толтырып, өз қауымыңдағы хатшыға беруің қажет. Хатшы оны қарастырып, филиалға жібереді. Алайда қызығушылық танытқан адам түрмеде, нашақорлар мен ішімдікке салынғандар емделетін емханада не мемлекеттік ауруханада жатса, ол адам үшін филиалға хабарласпаған дұрыс. Мұндай жағдайда қызығушыны сондай мекемелерге барып тұратын бауырластармен хабарласуға не филиалға өзінің атынан хат жазуға талпындырсаң болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу