Қонақтарға керемет куәлік берілмек
1. Еске алу кешіне келген қонақтарға баяндамамен қоса, тағы не әсер етуі мүмкін? Түсіндіріңдер.
1 Еске алу кешінде келген қонақтарға куәлік беруге бізде керемет мүмкіндік болады. Осы кешке адамдарды шақыру үшін көп күш салынуда. Кешке келушілерге естігендері ғана емес, сол жерде көргендері де қатты әсер етуі мүмкін. Мысалы, Еске алу кешіне барып келген бір әйел өзіне әсіресе сонда көргендері — бауырластардың танытқан достық пейілі, біздің әсем де таза Патшалық сарайымыз — тамаша әсер қалдырғанын айтқан. Демек, осы жылдың маңызды кездесуінде адамдарға куәлік беруге тек баяндамашы ғана емес, бәріміз де үлес қоса аламыз (Ефес. 4:16).
2. Қонақтарға әрбіріміз қалай куәлік бере аламыз?
2 Қонақтарды жылы қарсы ал. Қонақтармен жылы жүзбен күлімсіреп амандасқанымыздың өзі оларға жақсы куәлік (Жох. 13:35). Бәрімен бірдей сөйлесіп үлгермесең де, қасыңда отырған қонақтармен таныссаң болады (Евр. 13:1, 2). Әлі ешкімді танымайтын қонақтарға ерекше көңіл бөл. Бәлкім, олар шақыру қағазын науқан кезінде алған болар. Ондай адамдардан: “Сіз мұнда бірінші рет келдіңіз бе?”— деп сұрауыңа болады. Оларды жаныңа отырғызып, сұрақтары болса, қуана-қуана жауап беретініңді айт. Ал залда сендерден соң өзге қауым жиналатын болып, оны тез босату керек болған жағдайда, қонақтардан: “Бүгінгі бағдарламаға қатысты ойыңызды білгім келіп еді, сізбен қалай хабарласуға болады?”— деп сұрап көрерсің.
3. Уағыздамай жүрген жариялаушыларды қалай қарсы алуға болады?
3 Уағыздамай жүрген жариялаушыларды жылы қарсы ал. Еске алу кешіне уағыздамай жүрген жариялаушылардың да келері анық. Олардың арасында жыл сайын тек осы кешке ғана келетіндері бар. Оларды жылы қарсы ал, әрі көргеніңе өте қуанышты екеніңді айт (Рим. 15:7). Еске алу кешінен кейін көп ұзамай-ақ ақсақалдар олардың үйлеріне барып, қауыммен араласуға талпындырар. Кешке келгендер сол жерде естігендері бойынша ғана емес, “игі істерімізді өз көздерімен көріп” те Құдайды дәріптесе екен деп тілейміз (Пет. 1-х. 2:12).