Еске алу кешіне шақыру қағазын 2 сәуірден бастап таратамыз
1. Биыл Еске алу кешіне шақыру қағазын қашан таратамыз және жыл сайынғы осы науқанның қандай пайдасы бар?
1 Біз сәуірдің 2-сі мен 17-сі аралығында осы жылдың ең маңызды кездесуі — Мәсіхтің өлімін еске алу кешіне шақыру қағазын таратамыз. Жыл сайын өтетін осы науқанның нәтижесінде бұл кешке соңғы уақыттары көп адам келді. Мысалы, кеш өтетін күні бір әйел филиалға телефон шалып: “Үйге кіргенім осы еді, есігімнің астында шақыру қағазы жатқанын көрдім. Менің барғым-ақ келеді, бірақ нешеде басталатынын білмеймін”,— дейді. Сонда бауырласымыз оған кештің өтетін уақыты шақырудың қай жерінде жазылғанын түсіндіріп береді. Әңгіменің соңында әлгі әйел: “Мен кештеріңе бүгін міндетті түрде барамын!”— деп уәде береді.
2. Шақыру қағазын қалай ұсынуға болады?
2 Ұсыну жолы. Қауым аумағын түгел аралап шығатын уақыт шектеулі болғандықтан, ұсынысымыз қысқалау болғаны дұрыс. Бәлкім, былай деуге болар: “Сәлеметсіз бе! Сіздің отбасыңызды жыл сайын дүниежүзі бойынша өтетін маңызды жиынға шақырайын деп едік. Бұл биыл 17 сәуір, жексенбіде болады. [Шақыруды үй иесіне бер.] Осы күні Иса пайғамбарды еске аламыз және оның не үшін құрбан болғандығы жайлы Киелі жазбаларға негізделген баяндама тыңдаймыз. Бұл жиынның өтетін уақыты мен мекенжайы осы шақыру қағазында көрсетілген”.
3. Мүмкіндігінше көп адамды шақыру үшін не істеуге болады?
3 Егер қауымның аумағы үлкен болса, ақсақалдар үйінде жоқ адамдарға шақыру қағазын сырткөзге көрінбейтіндей етіп қалдыруға нұсқау берер. Қайта барып жүрген адамдарыңды, туыстарыңды, әріптестеріңді, сыныптастарың мен басқа да таныстарыңды шақыруды ұмытпа. Демалыс күндері шақыру қағазымен қоса, ыңғайы келсе, журналдарды да ұсын. Сәуір айында қосалқы ізашарлық алып, қуанышы мол осы науқанға көбірек атсалыса аласың ба?
4. Неге қызығушылардың Еске алу кешіне келгендерін қалаймыз?
4 Осы кешке келетін қызығушылар қандай керемет куәлік алады десеңші! Олар Ехобаның төлем беру арқылы танытқан зор сүйіспеншілігі жайлы естиді (Жох. 3:16). Сондай-ақ Құдай патшалығы адамзатқа қандай баталар әкелетінін біледі (Ишая 65:21—23). Олар қызмет көрсетушілердің біріне барып, Киелі кітап зерттеу сабағын өтуге өтініш білдіре алады. Осы науқанның арқасында көптеген ақжүрек адамдар Еске алу кешіне келсе екен деп дұға етеміз!