Қазан айында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастайық
1. Қазан айында адамдарға не ұсынамыз?
1 Қазан айында “Күзет мұнарасы” журналын ұсынамыз. Адамдарға қайта барғанда, “Шындықты білгіңіз келе ме?” трактатының көмегімен Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға тырысамыз. Мұны қалай істеуге болады?
2. Журнал алған адамға қайта барғанда “Шындықты білу” трактатының көмегімен қалай Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға болады?
2 Трактатты қолданудың жолы. Адамға былай деуіңе болады: “Сізге қалдырып кеткен журнал түрлі ортадан шыққан және түрлі дінді ұстанатын адамдарды Киелі кітапта шын мәнінде не айтылғанын білуге шақырады”. [Үй иесіне “Шындықты білу” трактатын ұстат та, бірінші беттегі сұрақтарға назарын аудар.] Онда Киелі кітаптан қанағаттандырарлық жауабын табуға болатын әрі көп адамды ойландыратын сұрақтар бар. Осылардың қайсысы сізді ойландырған?” Үй иесінің ойын білген соң, трактаттағы жауап пен келтірілген бір жазба орнын оқып қарастыр. Сосын, бұл Киелі кітапта айтылғандардың қысқаша үлгісі екенін түсіндіріп, “Киелі кітап үйретеді” басылымын бер. Кейін үй иесі таңдаған тақырыпты ашып, бірінші абзацын қарастыр. Немесе трактаттың көмегімен көтерілген тақырыпқа көбірек мәлімет жазылған тарауды таңдауға болады. Мысалы:
● Құдай шынымен біздің қамымызды ойлай ма? (9—11 б., 6—10 абз.)
● Соғыс пен қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме? (12-б., 12, 13-абз.)
● Өлген соң адаммен не болады? (59, 60-б., 7, 8-абз.)
● Өмірден өткендер үшін үміт бар ма? (71-б., 13—15-абз.)
● Құдай есту үшін оған қалай сиыну керек? (166, 167-б., 5—8 абз.)
● Адамды бақытты ететін не? (9-б., 4, 5-абз.)
3. Жағдайға қарай, қандай түрлі ұсыныс қолдануға болады?
3 Әрине, адамға алғаш қайта барғанда, жағдайға байланысты Киелі кітап зерттеу сабағын “Киелі кітап үйретеді” басылымы арқылы бастай алмауымыз немесе оның қалай өтетінін көрсете алмауымыз мүмкін. Алайда қайта келіп, әңгіме жалғастырудың қамын барлық уақытта ойластыруға болады. Адамның қызығушылығына қарай, трактаттан бірнеше сұрақты қарастырған соң ғана кітапты ұсынуға болады. Қазан айында осы трактатты барынша қолданып, зерттеу сабағын бастауға және ақ жүректі адамдарға “шындықты білуге” көмектесуге тырысайық (Жох. 8:31, 32).