“Киелі кітап. Оның адам өмірін өзгерте алатын күші”
Киелі кітап миллиондаған адамның өмірін жақсы жаққа өзгертті. Оның қандай принциптері қазіргі кездегі қиындықтармен күресуге көмектеседі? Бұл сұрақтың жауабын үш фильмнен тұратын “Киелі кітап — нақты мәлімет пен пайғамбарлық жазылған кітап” DVD дискісінің “Киелі кітап. Оның адам өмірін өзгерте алатын күші” деп аталатын екінші фильмінен табуға болады. Көріп болған соң, келесі сұрақтарға жауап бере аласың ба?
1) Неліктен Киелі кітап жай ғана әдеби шығарма емес? (Евр. 4:12). 2) Киелі кітап адам өмірін жақсарта алса, неліктен адамзаттың халі әлі де мүшкіл? 3) Киелі кітаптың басты тақырыбы қандай? 4) Фильмде ерлі-зайыптыларға а) пікір алысуға, ә) ашуын жүгендеуге көмектесетін Киелі кітаптың қандай үзінділері келтірілді? 5) Мәсіхшінің некеге деген көзқарасының өзгергені қалай отбасы өмірін жақсартты? (Ефес. 5:28, 29). 6) Ехоба ата-аналарға қандай кемелді үлгі көрсетті? (Мар. 1:9—11). 7) Ата-ана отбасылық ғибадатты қалайша қызықты етіп өткізе алады? 8) Киелі кітапты зерттеуден басқа, ата-ана балалары үшін тағы не істеуге шақырылады? 9) Киелі кітаптың кеңестері отбасына экономикалық жағынан қиын кезде күн көруге қалай көмектесе алады? 10) Киелі кітаптың тазалыққа, есірткі мен ішімдікті бұрыс қолдануға және күйзеліске қатысты қандай принциптерін ұстану денсаулықпен болатын проблемаларды азайтады? 11) Киелі кітаптың қандай уәделеріне сенгеніміз бізге күш-қуат береді? (Әйүп 33:25; Заб. 144:16). 12) Құдай Сөзіндегі ілімдер сенің өміріңді қалай жақсы жаққа өзгертті? 13) Осы бейнефильмді қолданып адамдарға қалай көмектесе аласың?