“Киелі кітап — нақты мәлімет пен пайғамбарлық жазылған кітап”
“Киелі кітап — нақты мәлімет пен пайғамбарлық жазылған кітап” (ор.) деген DVD дисктегі фильмдердің біріншісі “Көне, бірақ тиімді кітап” деп аталады. Фильмді қарап шыққан соң, келесі сұрақтарға жауап бер:
1) Қай жағынан Киелі кітап ғылымға сай келеді? 2) Қолымыздағы Киелі кітап түпнұсқаның сенім артуға тұратын көшірмесі екеніне неге сенімді бола аламыз? 3) Киелі кітаптың көне қолжазбаларының қандай ерекшелігі бар? 4) Джон Уиклиф, Иоганн Гутенберг, Уильям Тиндал, Ян Гус, Мартин Лютер, Касиодоро де Рейна және Чарлз Тейз Расселл Құдай Сөзінің дүниежүзінде таралуына қандай үлес қосқан және шіркеу бұған қаншалықты қатты қарсылық көрсетті? 5) Киелі кітап адамдарға құмар ойындар (Тім. 1-х. 6:9, 10), отбасының ойран болуы мен опасыздық (Қор. 1-х. 13:4, 5; Ефес. 5:28—33), денсаулықтың нашарлығы (Заб. 33:9) және дүниеқұмарлық (Мат. 16:26) сияқты проблемаларды жеңуге қалай көмектескен? 6) Киелі кітап принциптерін ұстану ұлттық, этникалық және нәсілдік араздықты жеңуге көмектесетінінің қандай дәлелі бар? (Лұқа 10:27). 7) Киелі кітап принциптерін ұстанғаның сені қалай бақытты ете түсті? 8) Бұл фильмді өзгелерге көмектесу үшін қалай қолдануға болады? (km 2.06 8-б. қара).